Батыс Қазақстанда қылмыстық істер 14,5 пайызға азайды

ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық сотында тоғыз айдың қорытындыларына арналған мәжіліс болды.
None
None

Оны облыстық сот төрағасы Қамбар Нұрышев ашты.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасы Мирамбек Нағашыбаевтың айтуынша, тоғыз айда 1129 адамға қатысты 1040 қылмыстық іс қаралып, соның ішінде 476 іс бойынша 611 адамға үкім шығарылды. Соның ішінде 11 адам ақталды. 489 адамға қатысты 437 іс қысқартылды. 29 адамға қатысты 22 қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілді.

Өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда, қылмыстық істер саны 177-ге немесе 14,5 пайызға қысқарды. Үкім шығарылған іс 171-ге немесе 26,4 пайызға, сотталғандар саны 562-ге (1162-ден 600-ге) немесе 48,4 пайызға азайды.

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Хабиболла Аманқұловтың сөзіне қарағанда, жыл басынан бері 17511 арыз түсіп, 14923-і бойынша іс қозғалды (өткен жылы тоғыз айда сәйкесінше 15370 және 12875). Былайша айтқанда, азаматтық істер саны көбейіп отыр. Облыстық соттың апелляциялық алқасына 1094 азаматтық іс түсті.

Соңғы жаңалықтар