Батыс Қазақстанда қызмет бабын теріс пайдаланып, мемлекетке ірі көлемде залал келтірген лауазымды қызметкерлердің істері сотқа берілді

ОРАЛ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті «Орал-ЦТО» кеден бекетінің қызметкері Г.Бектұрғанов,
None
None

сондай-ақ Жайық-Каспий экология департаменті БҚО филиалының жетекші маманы К.Мәсіловке қатысты ҚР ҚК 307-бабы 2-бөліміне сәйкес қозғалған қылмыстық істер сотқа берілді.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Г.Бектұрғанов 2007 жылы автокөліктерді қарау кезінде пайда табу, жеке тұлғаларға артықшылық беру мақсатында сәйкессіздіктерді көрсетпеген. Сөйтіп мемлекетке 6466293 теңге залал келтірген. Ал К.Мәсілов «Конденсат» АҚ-ны 2008 жылы тексеру кезінде ауаға шығарылған нормадан тыс зиянды қалдықтарды жабулы қазан күйінде қалдырған. Мұндағы төленбеген әкімшілік айыппұл көлемі 3489037 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар