Батыс Қазақстанда мал өнімдерін өндіру үшін республикалық бюджеттен 312 млн. теңге қаржылық көмек беріліп отыр

ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл мал өнімдерін өндіру үшін республикалық бюджеттен 312 млн. теңге қаржылық көмек беріліп отыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Қали Ақонның айтуынша, өткен жылы мал бордақылау алаңдарында 565 тонна ет өндірілсе, биыл оның көлемін 1560 тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Қаржылай көмек, әрине, сүт, жұмыртқа, жүн өнімдерін өндіруге де беріледі. Бұған тиісті талапқа сай келетін, ірі шаруашылықтардың қолы жетеді. Өңірде мал етін өңдеумен 45 кәсіпорын айналысса, соның 19-ы Орал қаласында, қалғаны аудандарда орналасқан. Қалада бұдан өзге 12 шағын цех та бар. Өткен жылы осы кәсіпорындар 3244 тонна ет және ішек-қарын өнімдерін өндірген, бұл алдыңғы жылғыдан 14,3 пайызға артық. Қазіргідей экономикалық қиыншылықтар тұсында азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс кемімек емес. Осы орайда елдің ауыл шаруашылығы әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін Елбасы өткен жылы Ұлттық инвесторлар кеңесінде айтқаны мәлім. Көршілес елдерге, мысалы, Ресейге ет өнімдерін шығару үшін халықаралық талаптарға сай келетін қажетті инфрақұрылым қажет. Бұл ретте Батыс Қазақстанда жаңа жобалар да қолға алынуда. Мысалы, Зеленов ауданы Янайкин ауылында «Жером» ЖШС 5 мың бас ірі қараны бордақылайтын кешен салуда. Жобалық құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын бұл кешен биылғы қыркүйек айында берілуі тиіс. Қазірдің өзінде оңтүстік аудандардағы шаруашылықтармен келісім-шарт жасалып, кешенді малмен қамтамасыз ету ойластырылуда. Сонымен бірге ірі шаруашылықтарда шағын мал бордақылау алаңдарын салуға да назар аударылуда. Жалпы, өңірде жергілікті ет өңдеуші кәсіпорындар өнімдерінің үлесі 60 пайыздан кем емес. Мұны ұлғайту мақсатында осы кәсіпорындарды техникалық жағынан қайта жарақтандырып, кеңейтуге бағыт ұсталуда.
Соңғы жаңалықтар