11:12, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда мемлекеттік бюджетке 214916,2 млн. теңге түсті
ОРАЛ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда мемлекеттік бюджетке 214916,2 млн. теңге түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, осының 167871,4 миллионы - республикалық, 47044,8 миллионы облыстық бюджетке аударылды. 207281,1 миллионы - салықтық, 6175,5 миллионы - салықтық емес түсімдер.
Республикалық бюджеттен мақсатты трансферт есебінде 2006 жылы - 7,3 млрд., 2007 жылы - 15,3 млрд., 2008 жылы 14,4 млрд. теңге түссе, биыл 15,3 млрд. теңгені құрады. Облыстың даму бюджеті 2006 жылы - 9,8 млрд., 2007 жылы - 11,7 млрд., 2008 жылы 18,4 млрд. теңгеге жетсе, биыл 17,6 млрд. теңге болып отыр.