Батыс Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 113 пайызға орындалып, 150 млрд. теңгеге толықты

ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі биылғы сегіз айда 113 пайызға орындалып, 150 млрд. теңгеге толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық салық департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
None
None

Ресупбликалық бюджетке түсім 115,6 пайызға орындалып, 103,9 млрд. теңгенің орнына облыс салық органдары 120,0 млрд. теңгенің түсуін қамтамасыз етті. Жергілікті бюджет болжамы да 103,7 пайызға орындалып, 28,9 млрд. теңгенің орнына 30 млрд. теңге аударылды.

Соңғы жаңалықтар