Батыс Қазақстанда облыстық жолдарда қозғалыс шектелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты облыстық жолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім еткеніндей, бүгін сағат жергілікті сағат 09.00-ден бастап облыстық маңызы бар Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы (0-157 км), Үлкен Шаған-Переметный (0-42 км), Бөрлі-Ақсай-Жымпиты (0-159 км), Жымпиты-Қаратөбе (0-103 км), Орал-Кирсанов (1-83 км) жолдары барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Өңірде күшті жел тұрып, боран соғып, жолдың көрінуі нашарлаған.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға алыс жолға шықпау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты Самара – Шымкент жолы жабылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ ауа райына байланысты екі өңірде жол жабылды.

Сондай-ақ Ақсай-Шыңғырлау (0-86 км), Ақсай-Приурал (0-35 км), Федоров-Ақсай (0-82 км) жолдарында да қозғалысқа шектеу қойылды.


Соңғы жаңалықтар