Батыс Қазақстанда оқушылардың 76,7 пайызы жазғы демалыспен қамтылмақ

ОРАЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында оқушылардың 76,7 пайызы жазғы демалыспен қамтылмақ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен өткізген кеңесте айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сабыровтың сөзіне қарағанда, өткен жылы жазда барлығы 67429 бала немесе оқушылардың 75,8 пайызы ( республикалық көрсеткіш - 55,9 пайыз ) демалған болатын. Биыл аудандық және қала сыртындағы лагерьлерде 6 мыңнан астам жеткіншек демалысын өткізетін болса, 50 мыңдай оқушы мектеп жанындағы лагерьлерге бармақ. Шатырлы лагерьлер биыл 22-ге көбейіп, демалыстың бұл түрімен 6 мыңнан астам бала қамтылмақ. Сондай-ақ оқушылардың бір тобы Астана қаласы, Түркістан мен Атыраудың тарихи жерлерін, Бөкей ордасы тарихи-мұражай кешенін тамашалап қайтпақ. Соңғы жылдары туризм орталықтарының желісі де кеңейді. Мәселен, биыл Бөрлі ауданы Бумакөл ауылында балалар туристік базасы келушілерді қабылдайтын болса, Шыңғырлау ауданы Қонақай көлі жағасында осындай демалыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін бюджеттен 95,7 млн. теңге, бюджеттен тыс 38,5 млн. теңге бөлу ойластырылды. Алдын ала мәлімет бойынша әр балаға жұмсалатын қаражат орта есеппен 1100 теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар