12:21, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 23,1 пайызға төмендеді
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп өнімдерінің бағасы қаңтар айында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 23,1 пайызға төмендеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне қарағанда, кен өндіру өнеркәсібі өнімдері - 25,7, соның ішінде шикі мұнай ? 32,6, газ конденсаты 27 пайызға арзандаса, табиғи газ 0,3 пайызға қымбаттады. Өңдеу өнеркәсібінде өнім бағасы 1,4 пайызға көтерілді. Дайын мал азығы ? 6,8, кокс, мұнай өнімдері 5,4 пайызға қымбаттады.
Өсімдік майы ? 8,7, астық-жарма өнімдері ? 3, ет өнімдері 0,2 пайызға арзандады.