13:15, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда өрттен қаза тапқандар мен жарақат алғандар көбейіп отыр
ОРАЛ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биылғы бес айда Батыс Қазақстан облысында 214 өрт тіркелді, бұл өткен жылғыдан ( 252 ) 15 пайызға аз.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен Дәмет Жұмағұлованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, өткен жылы өрттен келген шығын 108 млн. теңгеге жетсе, биыл 26 пайызға азайып, 80 миллионнан астам теңгені құрады. Өткен жылы бес айда өрттен 4 адам мерт болса, биыл алты адамға жетіп, 50 пайызға көбейді. Сондай-ақ жарақаттанғандар саны 9-дан 14-ке жетіп, 55 пайызға өсті.
Өрттің басым көпшілігі тұрғын үй үлесіне тиеді, мұнда 141 өрт болған.