Батыс Қазақстанда өз ауылдастарын алдап соққан алаяқ әшкереленді

ОРАЛ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Жәнібек аудандық соты өз ауылдастарын алдап соққан алаяқтың ісін әшкереледі.
None
None

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш ауданда туып-өскен, қазіргі кезде Орал қаласында тұратын Х. есімді азамат бірнеше ауылдан бас-аяғы алты бас ірі қара малын алып, ақшасын сатқан соң әкеліп беремін деп сан соқтырып кеткен.

Басты сот талқысында Х. өз кінәсін толықтай мойындап, жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінетіндігін, ауылдастарына бір ай ішінде келтірілген залалды қайтарып беретінін айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады. 

Жәнібек аудандық соты Х-ның жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінуін, қылмыстың ауырлық дәрежесін және оның бас бостандығынан айыру жазасын өтемей-ақ түзелетіндігі мүмкіндігін ескеріп, ҚР ҚК 177-бабы 2-бөлімінің «б» тармағымен айыпты деп танып, оны 2 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркілеусіз, ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімін тағайындады.

Сонымен қатар жәбірленушілердің талап арыздары қанағаттандырылып, кеткен шығындары түгелдей өндірілетін болды.

Соңғы жаңалықтар