Батыс Қазақстанда озат ұстаздар марапатталды

ОРАЛ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда қазанның 1-інде мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Онда облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өңір ұстаздарын мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Жас ұрпақтың бүгінгі алған білімі қандай болса, ел ертеңі де сондай болмақ» деген мақсатпен елімізде әлемдік стандартта білім алу жүйесін қалыптастыруға көп ықпал етіп, білім саласын басты назарда ұстап келеді. Біздің облысымызда да білім беру саласында игі жұмыстар атқарылуда. Облыс көлеміндегі мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базалары жаңартылды. Соңғы екі жылда 201 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Бөрлі, Тасқала, Зеленов аудандарында мұғалімдерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі жолға қойылған. Кәсіби шеберлік пен мейірімділікті ұштастырып, өркениет өзегіне айналған ұстаздарға жас ұрпақты тәрбиелеуде төккен тері мен төзімділігі үшін алғыс білдіремін», деген облыс басшысы өз атынан 18 мұғалімге алғысхат табыстады.

Мереке қарсаңында ардагер ұстаздарды еңбек жолын жаңа бастаған жас мамандар құттықтап, шынайы лебізін білдірді. Сонымен бірге білімнің әр саласында жоғары жетістікке қол жеткізген «Облыстағы білім беру мекемелерінің басшылары», «Мұғалімдер», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымы», «Кәсіптік білім беру», «Педагогикалық әулет» аталымдары бойынша марапатталған ұстаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. «Педагогикалық әулет» аталымы бойынша Ақжайық ауданынан 286 жыл педагогикалық өтілмен Әлжановтар отбасы, Тасқала ауданынан 246 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Құрманиязовтар отбасы марапатталды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум