Батыс Қазақстанда ресейлік ұшақтың құлауына байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде

ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 9 мамыр күні БҚО ТЖ департаментіне Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Пугачев ауылының маныңда жеңіл моторлы ұшаққа ұқсас ұшатын аппараттың құлағаны туралы ақпарат түсті.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға орнына Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі, ТЖ бөлімі мен прокуратураның тергеу-жедел тобы дереу жетті. Анықталғандай, апатқа ұшыраған 2002 жылы Ресей Федерациясының Кумертау қаласында шығарылған «Птенец-2» атты жеңіл ұшағы. Ол Ақсай қаласында уақытша тұратын Мәскеу қаласы тұрғынына тиесілі болып шықты. Апат орнынан 1964 жылғы осы ұшақтын иесі мен Бөрлі ауданы Ақсу ауылында тұрған 1984 жылғы азаматшаның мүрдесі табылды. Аталмыш ұшақ тіркелмеген ұшу сапарын жасаған.

Оқиға бойынша Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар