Батыс Қазақстанда шағын автобус жанып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында шағын автобус кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің бас маманы Мереке Жұмағалиевтің мәлім еткеніндей, оқиға 22 маусым күні сағат 15.54-те Бәйтерек ауданы Жайық-2 ауылы маңында орын алды.

1992 жылғы шығарылған «Volkswagen Transporter» автокөлігі отқа оранды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 4 адам, 1 техника қатысты.

Биыл жыл басынан бері өңірде 34 автокөлік (өткен жылы осы мерзімде – 35) өртенді.

«Автокөліктегі өрттің негізгі себептері – электр сымдары мен жабдықтарының қысқа тұйықталуы, сондай-ақ көлік иелерінің ашық отты пайдалану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы. Соның салдарынан автокөлік жанып, иесіне шығын келіп жатады», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Жұмағалиев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда монша өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар