Батыс Қазақстанда шағын бизнеспен айналысушылар саны 1,3 есеге өсті

ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында соңғы бес жылда шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 1,6 есеге өсіп, 2008 жылдың қорытындысы бойынша 32,4 мыңға жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап. Осы мерзімде шағын бизнеспен айналысушылар 1,3 есеге көбейіп, 59,4 мың адамды құрады. 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Шағын кәсіпкерліктер ішкі жалпы өнімнің 12 пайызын өндіріп келеді. Өңірде осы саланы қаржыландыруға жіті көңіл бөлінуде. Айталық, өткен жылы барлық көздер есебінен 22 млрд. теңге несие берілді.
Соңғы жаңалықтар