07:58, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда шағын кәсіпкерлік нысандары бір айда 4,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті
ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлік нысандары бір айда 4,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Статистикалық деректерге сәйкес, осының 2,8 млрд. теңгесі ? заңды тұлғалар, 1,8 млрд. теңгесі ? жеке кәсіпкерлер, 0,2 млрд. теңгесі шаруа қожалықтарына тиесілі. Өңірде шағын кәсіпкерлік нысандары 21720 болса, соның 1649-ы ? заңды тұлғалар, 16509-ы ? жеке кәсіпкерлер, 3562-сі ? шаруа қожалықтары.
Өңірде тіркелген 4015 шағын бизнес кәсіпорны қаңтарда 2790,8 млн. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті.