13:41, 02 Қаңтар 2014 | GMT +5
Батыс Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік саласында 90 мыңға жуық адам еңбек етеді
ОРАЛ. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында еңбек ететіндер саны 89247 адамға жетті.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, алдыңғы жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 9,9 пайызға өсіп отыр. Өткен жылдың он бір айында шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 287461 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл алдыңғы жылғыдан 2,5 пайызға артық.
2013 жылдың 1 желтоқсанына облыстағы ірі және орта кәсіпорындардың міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегі 3286,7 млн. теңгені құрады, соның ішінде жалақы қарызы - 80,6 млн. теңге.