Батыс Қазақстанда шөппен қоса үш бас ірі қара өртеніп кетті

ОРАЛ. 8 қазан. ҚазАқпарат - 5 қазанға қараған түні Ақжайық ауданы Базаршолан ауылында екі бірдей тұрғынның қора-қопсысы отқа оранды.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 65 центнер пішенге қоса үш бас ірі қара өртке кетті. Тайпақ полиция бөлімінің қызметкерлері екі оқиға да қасақаналықтан болған деп тапты. Жедел іздестіру шаралары барысында қасақана от қойған 40 жасар ауыл тұрғыны анықталды.

Соңғы жаңалықтар