Батыс Қазақстанда соңғы аптада 6 адам коронавирустан көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада 6 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, пандемия басталғаннан бері барлығы 829 адам өмірден озса, соның ішінде биыл 660-ы қайтыс болды.

Атап айтқанда, қаңтарда – 28, ақпанда – 15, наурызда – 30, сәуірде – 41, мамырда – 57, маусымда – 60, шілдеде – 144, тамызда – 139, қыркүйекте – 90, қазанда – 46, қарашада 10

науқас дүние салды.

Басқарма мәліметіне қарағанда, індет басталғаннан бері өңірде 39 411 науқас тіркеліп, соның 36 169-ы жазылып шықты.

Соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 22 пайызға (56 науқасқа) кеміді.

Жыл басынан бері 30 190 адам коронавирус жұқтырса, соның 2962-сі – балалар. Солардың 2930-ы емделіп шықса, 32-сі сауығу үстінде.

Оқу жылы басталғаннан бері 843 оқушыдан індет табылды. Қазіргі кезде 1 мектепте 1 сынып карантинге жабылды.

Облыстағы ірі кәсіпорындар ішінен Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясынан жыл басынан бері 273, Чинарев кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-дан 66 жұмысшы-қызметкерден коронавирус анықталды.

Күні бүгін облыста 458 пациент амбулаторлық, 138 науқас стационарлық ем алып жатыр. Соның ішінде 11-і ауыр халде.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 8, оттегі

концентраторына 3 науқас қосылған.

«Облыс бойынша 243 559 адам (егілуге тиісті тұрғындарды 58,8 пайызы) вакцинаның бірінші, 223 313-і (53,9 пайызы) екінші компонентімен егілді. Күні бүгін өңірде 85 021 доза І,

105 267 доза ІІ компонент бар», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік , бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Pfizer вакцинасымен егілетіндердің тізімі жасалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар