Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 400-ден астам адам коронавирус жұқтырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 411 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 319-ында ауру белгілері болса, 92-сі – симптомы жоқтар.

Науқастардың 279-ы ЖРВИ белгілерімен тексерілген, 88-і бұрын індет жұқтырғандармен байланыста болған. 38-інен профилактикалық мақсатта, алтауынан стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Ауырғандардың 186-сы Орал қаласында, 65-і Бәйтерек, 65-і Бөрлі, 27-сі Тасқала ауданында анықталды.

Індет басталғаннан бері облыста барлығы 24983 адам коронавирусқа шалдығып, 20166-сы жазылып шықты. 387-сі көз жұмды.

Сырқаттанғандардың 13815-і Оралда, 3099-ы Бәйтерек, 2809-ы Бөрлі, 1025-і Теректі ауданында тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирустан көз жұмғандардың 70 пайызы егде адамдар екенін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар