Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 400-ге жуық адамнан коронавирус табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 392 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның 287-сінде ауру белгілері болса, 105-і - симптомы жоқтар.

Вирус жұқтырғандардың 227-сі ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген, 128-і бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған, 31-інен профилактикалық мақсатта, 6 адамнан стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Ауырғандардың 176-сы Оралда, 92-сі Бәйтерек, 49-ы Бөрлі ауданында анықталған.

Жалпы, індет тарағалы бері облыста 21503 науқас тіркелсе, соның 16633-і жазылып шықты. 319 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да инфекциялық стационарларда 500-ге жуық адамның жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар