18:24, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда сот орындаушыларының белсенділігі артып отыр
ОРАЛ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда, борышкерлерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот орындаушылары құқық қорғау органдарына жолдаған материалдар саны көбейіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық сот әкімшісінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы алты айда 107 адамға айыппұл салынса, 27 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс сот орындаушылары 2 млрд. 104 млн. теңгені құрайтын барлығы 17911 орындаушылық құжатты аяқтады. Соның ішінде 1 млрд. 165 мың теңгенің 15597 құжаты нақты бітті. Республикалық бюджетке 89678533 теңге аударылды. Іздестірілуде жүрген 177 борышкердің 98-інің мекенжайы анықталды.