Батыс Қазақстанда «STOP қылмыс» науқаны өтеді

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті басшылығының «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Аққали Әубекеровпен 14 ақпан күнгі кездесуінде айтылды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған шара «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалында Елбасы тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында ұйымдастырылды. Онда құқық бұзушылықтың алдын алу және оны ашу мәселелері қозғалды. «STOP қылмыс» деп аталған іс-шаралар жоспары мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы мен аталмыш департаменттің қолдауымен жүзеге асырылатын болады. Бұл жоба облыста 21-24 ақпан аралығында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы кезінде айтылған ұсыныс-пікірлермен толықтырылатын болады.