20:35, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда су тасқынының алдын алуға 23 млн. теңге бөлініп отыр
ОРАЛ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстанда су тасқынының алдын алуға облыстық бюджеттен 23 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінде жыл қорытындыларына арналған жиында мәлім етілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі кезде су тасқыны орын алуы мүмкін аймақтардың бәрі жөнге келтірілген. Жалпы, өткен жылы облыста 947 төтенше жағдай тіркеліп, одан 198 адам зардап шеккен, 58 кісі қаза тапқан. Тіркелген жағдайлардың басым бөлігі - өрт оқиғалары. Қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында 118 тұрғын үй, 5 денсаулық сақтау, 7 білім беру нысаны тексеруден өтіп, үш тұрғын үйге күрделі жөндеу жасалған. Қауіпті жағдайда тұрған төрт үйден тұрғындар түгел көшірілген. Бүгінгі таңда әр ауданда төтенше жағдайлар өкілдігі жұмыс жасайды.