12:59, 12 Қыркүйек 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда табиғи газ өндіру 10,7, газ конденсаты 1,8 пайызға артты
ОРАЛ. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 1063,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 1,2 пайызға артық. Өнімнің дені кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұнда 983,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, оның көлемі 3,0 пайызға өсті. Әсіресе, табиғи газ өндіру 10,7, газ конденсаты 1,8 пайызға көбейді.
Өңірде өңдеу өнеркәсібінде 59,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 19 пайызға кеміді. Бұл мұнай өнімдерін өндірудің 47,9, резеңке және пластмасса бұйымдарының 24,7, машина жасаудың 21,2, өзге металл емес минералдық өнімдердің 16,3, тоқыма бұйымдарының 11,3 пайызға төмендеп кетуіне байланысты. Дегенмен дайын металл бұйымдары 1,8, металлургия өнеркәсібі, киім 1,2, сусындар 1,1 есеге, азық-түлік өнімдері 6,4 пайызға өсіп отыр.