Батыс Қазақстанда тағы алты адам коронавирустан жазылып шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тағы алты адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстанда тағы алты адам коронавирустан жазылып шықты

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, олардың үшеуі – Тасқала ауданының тұрғындары.

Сондай-ақ бір-бір адамнан Орал мен Тараз қаласы және Теректі ауданынан.

«Бәрінің де жағдайы қанағаттанарлық. Бақылау сынамалары олардың коронавирустан айыққандығын көрсетті», деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.

Осылайша БҚО-да емделіп шыққандар саны 86-ға жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тағы сегіз адамның емделіп шыққанын, коронавирус жұқтырған соңғы алты науқас та Теңіз кен орнынан келгенін жазған болатынбыз.