Батыс Қазақстанда тағы бір жол жабылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы бір жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жергілікті сағат 13.15-тен бастап Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолы барлық көлік түрлері үшін жабылды.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша қолайсыз ауа райы 28 желтоқсан күні де жалғасады.

Облыстың басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын көтеріледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Орал қаласында да тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Бүгін де қалада бұрқасын соғып, соның салдарынан Зачаган кентінде жарық өшіп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол жабылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар