Батыс Қазақстанда тағы да жолдар жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тағы да жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуіне байланысты облыстық маңызы бар бес бағыттағы жол бойынша 27 қаңтар күні жергілікті сағат 22.00-ден бастап осындай шешім қабылданды.

Атап айтқанда, Ақсай-Шыңғырлау, Шыңғырлау-Лубен-Сегізсай, Федоров-Ақсай, Тасқала-Аққурай-Болашақ және Ақсай-Жымпиты жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

«Осыған байланысты тұрғындарға СМС хабарламалар жіберілуде», деп хабарлады ТЖ департаментінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде жолдар жабылып, қар құрсауында қалған көліктер саны 184-ке жеткенін, бұрқасын мен желге байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар