09:48, 12 Мамыр 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда төрт айда 548,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
ОРАЛ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айда 548,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім көлемі 376,7 млрд. теңгені немесе газ конденсатын өндірудің 1,9 пайызға азаюы есебінен 99,4 пайызды құрады. Табиғи газ өндіру 10,0 пайызға өсті.
Биылғы төрт айда өңдеу өнеркәсібінде 26,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Бұл 2011 жылғы қаңтар-сәуірдегіден мұнай өнімдерін өндіру (59,3%-ға), металлургия өнеркәсібі (8,1%-ға) көлемдерінің азаюы салдарынан 19,0 пайызға кем. Есесіне резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі, машина жасау 1,7 есеге, өзге металл емес минерал өнімдерді өндіру көлемі 1,5, жиһаз 1,4, дайын металл бұйымдарын өндіру, жиһаз 1,3, сусындар, киім 1,2 есеге, тамақ өнімдері 19,8 пайызға артты.