Батыс Қазақстанда тұманға байланысты республикалық жол жабылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша 21 ақпан күні жергілікті сағат 09.10-нан бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Орал-Тасқала автожолында (4-72 км, Оралдан Тасқала ауылына дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жабылу себебі – жолдың көрінбеуі, тұман.

БҚО ТЖ департаменті осыған байланысты ескерту жарияланғанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да Ақтөбе бағытындағы жолдың барлық көлік түрлері үшін жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар