Батыс Қазақстанда тұңғыш рет «Ақжайықтың оқырман отбасы» байқауы өтті

ОРАЛ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік отбасы күніне орай Оралда алғаш рет «Ақжайықтың оқырман отбасы-2012» байқауы өтті.
None
None

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мен Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шараға барлығы 9 отбасы қатысып, бақ сынады.

Бұған дейін іріктеу сындарына қатысып, озық шыққан отбасылар Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында өздерін таныстырып, сүйіп оқитын шығармаларынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ өз отбасыларының қолөнер туындыларынан көрме ұйымдастырып, әулет шежіресін тарқатты.

Сайыс қорытындысында Ақжайық ауданынан келген Кәрімовтер жеңімпаз атанса, бөрлілік Ермекқалиевтер - екінші, жәнібектік Бекмұхамбетовтер үшінші орынды еншіледі.

Соңғы жаңалықтар