Батыс Қазақстанда тұтыну қоржыны 13886 теңгені құрады

ОРАЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы қаңтарда тұтыну қоржыны 13886 теңгені құрады.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, жан басына шаққанда негізгі азық-түлік түрлерін тұтынудың төменгі деңгейі қаңтарда алдыңғы аймен салыстырғанда 6,5, 2010 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 21,7 пайызға өсті. Қаңтарда азық-түлік тауарларын тұтыну қоржыны 8331 теңге болса, аызқ-түліктік емес тауарлар мен ақылы қызметтердікі 5555 теңгені құрады.

Орал қаласында тұтыну қоржыны 10,0 пайызға өсіп, 14077 теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар