Батыс Қазақстанда үздік медбикелер марапатталды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, «Мейірімділік және паллиативтік көмекті көрсетудегі кәсібилік» аталымы бойынша облыстық онкодиспансердің химиятерапия бөлімшесінің медбикесі Әния Хұсайынова озып шықса, «Үздік дәрігерге дейінгі кабинет» бойынша Бөрлі аудандық орталық ауруханасының медбикесі Тұрсын Қажымова марапатталды. «Кәсіби шеберлік» аталымы бойынша облыстық клиникалық ауруханасының зертханашысы Тамара Құмашева қатарының алды болса, «Мамандығына адалдығы үшін» «Орал» ауданаралық туберкулезге қарсы мекемесінің медбикесі Маруся Қайсағалиева құрмет грамотасымен атап өтілді. «Қауіпсіз ана болу» аталымы бойынша облыстық перинаталдық орталығынан Лилия Свекла, балалар ауруынан емдеуді жетілдіру мен сапасын көтеруде облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан Фарида Сағындықова үздік атанды