Батыс Қазақстанда үздік мейірбикелер марапатталды

None
None
ОРАЛ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан медицина колледжінде халықаралық мейірбике күніне орай тұңғыш рет мерекелік шара ұйымдастырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп өткізілген шара барысында Зеленов аудандық ауруханасының бас медбикесі Наталья Асхатова, Ақжайық ауданы Базаршолан учаскелік ауруханасынан Күләш Киишева, «Талап» АҚ операциялық медбикесі Лариса Герасимчук, Шыңғырлау аудандық ауруханасынан Айнагүл Ержанова, барлығы жиырмаға жуық адам құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Колледж директоры Мақсот Бергеннің айтуынша, қазіргі кезде өңірде 1500-дей дәрігер болса, 5425 орта буын медицина қызметкері (республикада 100 мыңдай ) еңбек етеді. Жыл сайын аталмыш оқу орнынан 200-дей орта буын маманы тәрбиеленіп шығады. Бұл жағынан Батыс Қазақстан елімізде алдыңғы қатарда.
Соңғы жаңалықтар