11:17, 31 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда үздік тәртіп сақшылары анықталды
ОРАЛ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жыл қорытындысына сәйкес үздік учаскелік полиция инспекторлары анықталды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен хабарлағанындай, байқау қорытындысында Сырым аудандық ішкі істер бөлімінен аға лейтенант Сәбит Жасталапов жеңімпаз атанса, бөрлілік Бекболат Кенжебаев - екінші, оралдық Мейрам Жүсиев пен жаңақалалық Нұрбек Бижанов үшінші орынға ие болды. Учаскелік полиция инспекторы қызметін он алты жыл бойы мінсіз атқарғаны үшін оралдық полиция майоры Марат Ерғалиев «ҚР ішкі істер органдарының еңбек сіңірген учаскелік полиция инспекторы», аса ауыр қылмысты ізін суытпай ашқаны үшін бөрлілік Бекболат Кенжеғалиев «Ішкі істер органдарындағы үздік қызметі үшін» белгілерімен марапатталды.