Батыс Қазақстанда Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған шаралар жалғасуда

ОРАЛ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ақиық ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған шаралар жалғасуда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақын тойына орай туған жері Ақжайық ауданы Қурайлысай ауылдық округі Сайқұдық елді мекеніндегі кітапхана ғимараты күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Бұл жұмысты «Нұр-ғасыр» ЖШС (директоры Нұрлан Салыхов) сапалы атқарып шықты. Аталмыш кітапханаға кезінде ақынның өзі 500 дана кітап сыйлаған болатын. Бұл жолы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директоры Роза Исатаева жаңа әдебиеттер тарту етті. Аудан орталығындағы өлкетану мұражайы да Ж.Молдағалиевтің өміріне қатысты тың дүниелермен толығуда.

Қазіргі таңда Сайқұдықта мәдениет үйі де жасандандырылуда.

Аудан әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматованың айтуынша, ақын тойына байланысты шаралар толас таппақ емес.

Соңғы жаңалықтар