11:12, 19 Қаңтар 2011 | GMT +5
Батыс Қазақстанда «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы кезінде 275 жасөспірім, 144 ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ОРАЛ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы кезінде ішкі істер бөліміне 425 жасөспірім жеткізіліп, соның 275-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 53 «жүгермек» қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін ұсталған. Сондай-ақ 144 ересек адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шара кезінде 92 жасөспірім есепке қойылса, соның 65-і - оқудан жалтарушылар, үшеуі - уытты заттарды, жетеуі - алкогольды ішімдіктерді қолданғандар. Бұдан өзге 141 бала тәрбиеленіп жатқан 94 қолайсыз отбасы есепке алынды.