Батыс Қазақстанда жасыл орақ науқаны қыза түсуде

ОРАЛ. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда.
None
None

Облытық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, алдағы қысқа шартты түрде 503,5 мың бас мал кіреді деп күтілуде. Осыған қажетті 987 мың тонна мал азығын дайындау керек. Бұл үшін 2942,3 мың га шабындық, соның ішінде 150,1 мың га жайылмаларды шабу жоспарланған.

Басқарманың егіншілік бөлімінің бастығы Денис Омашевтің айтуынша, 31 шілдеге 1710,7 мың га шабындыққа шалғы түсіп, 627,9 мың тонна пішен әзірленген, бұл - қажеттіліктің 63,6 пайызы. Гектарына 3,7 центнерден келуде. Өткен жылы осы мерзімде 639,3 мың тонна малы азығы жиналған болатын. Жасыл орақ, әсіресе, Бөрлі (жоспардағы 40,0 мың тоннаның 34,4 мыңы әзірленген, 86 пайыз), Зеленов (57,1 мың тонна, 71,4 пайыз), Сырым (57,0 мың тонна, 71,3 пайыз) аудандарында ұйымшылдықпен жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар