Батыс Қазақстанда Жайық-Көшім арнасы арқылы Қараөзенге су жіберу көзделуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ірі мал шаруашылығы кешендерін құнарлы азықпен қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облысында құны 5619,5 млн. теңге тұратын, жалпы алаңы 108,9 мың га он бірдей су жайылмалары жүйесін қайта құру көзделуде.
None
None

Соның ішінде 131,3 млн. теңге ЖСҚ жасауға, 5488,2 млн. теңге жобаны жүзеге асыруға кетпек.

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, мұны Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасына енгізу үшін ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіне ұсыныс жасалды. Сондай-ақ аталмыш бағдарламаға 17816,7 млн. теңгеге (747,7 млн. теңгесі ЖСҚ-ға) республикалық маңызы бар 24 су шаруашылығы нысанын қалпына келтіруді енгізу ойластырылуда.

Биыл сметалық құны 854,9 млн. теңге тұратын Жайық-Көшім жүйесінен Киров-Шежін арнасы арқылы Қазталов ауданы Ақпәтер ауылы тұсында Қараөзенге су жіберу жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылмақ. Бұл 180 мың га табиғи шабындықтарды қосымша суландыруға және 15 мыңдай адам тұратын елді мекендерді шаруашылыққа пайдаланатын сумен қамтуға мүмкіндік береді. Екінші кезең барысында ұзындығы 75 км арна тазартылып, 16 тоған, 28 гидротехникалық құрылым қайта құрылмақ.

Соңғы жаңалықтар