Батыс Қазақстанда жеті ірі денсаулық сақтау нысаны салынуда

ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жеті ірі денсаулық сақтау нысаны салынуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айталық, биыл мемлекеттік және меншіктік әріптестік негізінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен алты жобаның құрылысын жүргізу көзделсе, 2009-2011 жылдар ішінде Орал қаласының Зашаған кентінде 250 келушіге арналған қалалық емхана, Ақсай қаласында 500 келушіге арналған аудандық емхана және облыстың аудандарында 40-100 келушіге арналған 15 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, емдеу мекемелерін білікті кадрлармен, медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінуде. Облыс тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі 488 емдеу-профилактикалық ұйыммен қамтамасыз етіліп келеді.
Соңғы жаңалықтар