11:33, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жоғары тыныс жолдарының жұқпалы дерті өткен жылғыдан 16,3 пайызға көбейіп отыр
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жоғары тыныс жолдарының жұқпалы дерті (ОРВИ) өткен жылғыдан 16,3 пайызға көбейіп отыр, биылғы он бір айда бұл ауруға шалдыққандар саны 66812-ге жетті.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осының көпшілігі немесе 50328-і - 14 жасқа дейінгі балалар, ал 24081-і ауылдық жерде тұрады. Аталмыш дерт, әсіресе, өткен қараша айында өршіп кетті. Бір айда 12165 адам науқастанып, өткен жылғы қарашадағыдан 99 пайызға асып түсті.
Өңірде сондай-ақ басқа сальмонеллез жұқпалы аурулары - 22,0, ротавирусты энтерит - 31,4 - эпидемиялық паротит -28,6 пайызға, тұмау 147,4 пайызға көбейген. Сондай-ақ он бір айда 581 туберкулез, 574 өткір ішек ауруы, 539 педикулез тіркелген.