15:58, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жол бойында есірткі сатып жүрген 50 жасар ауыл тұрғыны ұсталды
ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімі есірткі бизнесімен күрес қызметкерлері мен учаскелік инспекторлары Приурал ауылы 50 жасар тұрғынының Орал-Орынбор, Бөрлі-Жарсуат жолы бойында марихуана сатып жүргендігін

анықтады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, барлық сатылған есірткі көлемі 30,21 грамды құрады. 8 мамыр күні полицейлер қолға түсірген кезде есірткі сатушыдан 2,96 грамм марихуана тәркіленген. Сондай-ақ мекенжайынан сараптама қорытындысына сәйкес 440,39 грамм кептірілген марихуана мен 2,12 грамм гашиш табылған. Ол есірткі затын сату мақсатында сақтаған болып шықты.