Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес бөлінген 4176,5 млн. теңге түгелге жуық игерілді

ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес 2009 жылы бөлінген 4176,5 млн. теңге 99,9 пайызға игерілді.
None
None

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның ішінде 3496,8 млн. теңге республикалық бюджеттен берілсе, 679,7 млн. теңге жергілікті қазынадан қарастырылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеуге - 1798,2 млн., жолдарды ретке келтіруге - 800 млн., емдеу мекемелеріне - 509,2 млн., мәдениет ошақтарына 330,1 млн. теңге толық жұмсалды. Ал білім беру нысандарына бағытталған 739 млн. теңгенің 737,2 миллионы игерілді.

Жыл ішінде 8823 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар орындалды.

Соңғы жаңалықтар