Батыс Қазақстанда «Жол картасына» сәйкес кадрлар қайта оқытылуда

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Жол картасына» сәйкес кадрлар қайта оқытылуда.
None
None

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осы мақсатқа өткен жылы республикалық бюджеттен 540,215 млн. теңге бөлінген болатын. Білім беру саласында 2009 жылы - 3281, денсаулық сақтауда 53, барлығы 3334 адам даярлықтан өткізілді. Соның ішінде 1197 адам босаған орындарға орналасу, 1725-і экспорттық салаға мамандану, 285-і шетелдіктерді ауыстыру мақсатында әзірленді. Олар 33 оқу орнында білім алды.

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Ердан Қатаевтың сөзіне қарағанда, кадрларды оқыту 2009-2010 оқу жылының аяғына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар