Батыс Қазақстанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық 2,3 есеге өсіп кетті
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, 2022 жылы ЖРВИ-мен сырқаттанушылар саны 15 861-ге
жетті.
2020 жылы 6 768 адам ауырған болатын.
Оның сөзіне қарағанда, сонымен бірге зертханалық зерттеу нәтижелері облыста тұмау емес вирустардың айналымы (РС вирусы – 17, риновирус – 8, парагрипп – 4, бокавирус – 2
және аденовирус – 2, метапневмовирус – 2, коронавирус – 2) бар екендігін көрсетті.
«Егер алдыңғы эпидемиологиялық маусымда өңірде тұмау (грипп) тіркелмесе, 2021 жылғы 1 қарашадан бері зертханалық зерттеулер 98 тұрғынның А (H3N2) типті тұмауға шалдыққанын анықтады», деді Н.Мұстаев.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда карантин талабын бұзғандарға 3 млн теңге
айыппұл салынғанын, жансақтау бөлімшесінде жатқан 19 науқастың 18-і екпе алмағанын
жазған болатынбыз.