16:50, 06 Қаңтар 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылуда
ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда атақты ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылуда.

Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қазіргі кезде мектептерде, кітапханаларда Жұбантану курстары, тақырыптық кештер өткізілуде. Сондай-ақ жыр мүшәйрасы, шығармалар байқауы, ауылдық округтер арасында көркемөнерпаздар фестивалі ұйымдастырылады. Ақындар айтысы мен дала қызықтарын өткізу де жоспарда.
Мұндай шаралар жыл бойы жалғасатын болады.