Батыс Қазақстанда жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жаңарту бағытында аймақтық бағдарлама жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жұмысшы кадрларды кәсіби даярлау жүйесін жаңартудың 2007-2009 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірдегі барлық ауданда кәсіптік мектеп жұмыс жасайды. Облыс экономикасына қажетті мамандар даярлау ісі жүргізілуде. ҚР Білім және ғылым министрлігі біліктілікті беру және растау республикалық орталығы алты мамандық пен кәсіп бойынша кәсіптік оқу орны түлектерінің даярлық сапасын тәуелсіз бағалаудан өткізді. Бағалау нәтижесі бойынша облыс бесінші орында. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 260 қызметкері біліктілігін жетілдірсе, 14 кәсіптік мектеп 515,9 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ 221,1 млн. теңгеге қазіргі заманғы тренажерлер, оқу автокөліктері және зертханалар мен шеберханалардың құрал-жабдықтары сатып алынды. 2009 жылы Орал қаласындағы №2 кәсіптік лицейді 110 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізу ойластырылуда. Қазіргі кезде БҚО-да техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2010-2012 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы әзірленуде.
Соңғы жаңалықтар