Батыс Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға арналған онкүндік өткізілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, онкүндіктің мақсаты - тұрғындардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, сонымен қатар тұрғындардың барлық топтары арасында қан айналым жүйесі ауруларын алдын алуға қатысты шараларды бастау, артериялық қан қысымын анықтауға тұрғындарды жұмылдыру, артериялық қан қысымы, артериялы гипертония, оның салдары мен оларды ескерту дағдылары туралы ақпарат тарату.
28 қыркүйек күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін адамдар көп шоғырланған жерлерде және кәсіпорындарда барлық ниет танытқандарға артериялық қан қысым деңгейін анықтау бойынша «Дүниежүзілік Жүрек күні» акциясы өткізілді.
Акцияны өткізуге қалалық бес емхананың, медициналық колледждің медициналық қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылды. Осы сынды акциялар бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдарының медицина қызметкерлерінің қатысуымен барлық ауданда өтті. Акция аясында артериялық қан қысымын алдын алу бойынша ақпараттық-білімдік материалдар таратылып, кеңестер берілді.
Акцияға Орал қаласы бойынша 750 адам қатысты.