12:15, 23 Желтоқсан 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 225,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
ОРАЛ. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 225,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылғыдан 12,7 мың шаршы метрге артық.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері тұрғын үй құрылысына 12,2 млрд. теңге жұмсалды, бұл 1,8 пайызға көп. Жыл ішінде тұрғындар қаражатына 159,5 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерсе, республикалық бюджет қаржысына 25 мың шаршы метр несиелік және 25,4 мың шаршы метр жалгерлік коммуналдық баспаналар іске қосылды. Сонымен қатар кәсіпорындар 14,1 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй мен 1,5 мың шаршы метр жұмысшыларға арналған жатақханаларды тұрғызды.
Жалпы, он бір айда 51,1 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл көрсеткіш 2,4 пайызға артты. Жыл ішінде 1663 жаңа ғимарат пайдалануға берілді.