Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 42,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

ОРАЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жыл басынан бері 42,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Соның ішінде кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім көлемі 35,5 млрд. теңгені құрады. Бір айда 1254,7 млн. текше метр табиғи газ, 970,7 мың тонна газ конденсаты өндірілді. Қарашығанақ кенішіндегі №2 газ кәсіпшілігінде материалдарды ауыстыру үшін компрессордың тоқтауына байланысты газ конденсаты ? 4,5, табиғи газ өндіру 0,5 пайызға азайғанымен, шикі мұнай 48,7 пайызға өсті.
Соңғы жаңалықтар