18:57, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 561 жұмыс орны ашылды
ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы жыл басынан бері 561 жұмыс орны ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Соның 181-і ? білім беру мен денсаулық сақтау, 163-і ? құрылыс пен коммуналдық шаруашылық, 85-і өнеркәсіп саласының үлесіне тиеді. Бір айда жұмыспен қамту органдарына 1303 адам өтініш білдірсе, соның 802-сі ауыл тұрғындары болып отыр. Осы мерзімде 796 адам жұмысқа орналасты. Ақпанның 1-інде есепте тұрған жұмыссыздар саны 3012-ні құрады, бұл өткен жылғыдан 16 пайызға кем.